"Орал гуманитарлық-техникалық колледжі" мекемесінің жобалық қуаттылығы 800 орын.
Салынған жылы: 1878 жыл.
Ғимараттың жалпы аумағы: 2071 ш.м
02 қазан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ұйымдастыруымен Білім беру жүйесінде 50 жылдан астам еңбек еткен колледж құрылтайшысы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық ғылымдар академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы аналар Кеңесінің төрағасы, Ел анасы атағы иесі Педагог-ғалым Шалқыма Хайроллақызы Курманалинаның 80 жылдығына арналған «Ш.Х.КУРМАНАЛИНАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ САБАҚТАСТЫҒЫ: БІЛІМ. ТӘРБИЕ. ИННОВАЦИЯ. ҚОҒАМ.» педагогтерге арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспары аясында «Бала тәрбиесі – ортақ міндет: заң, тәртіп, құндылық және жауапкершілік» тақырыбында жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.