Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Орал гуманитарлық-техникалық колледж серіктестік аясында СҚО Петропавл қаласының М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжімен бірлескен «Колледжде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері: цифраландыру, инновациялар және білім беру сапасы» атты республикалық семинар өтті.
Бүгін колледж студенттерімен әсерлі, танымдық кездесу өтті. Кездесуіміздің қонағы колледжіміздің түлегі, өзі оқыған кездегі колледждің жарық жұлдызы болған бүгінде Парастат қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Набиғали Мұратхан Мұхит болды.