29 сәуір күні Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес Ұлы отан соғысының 80-жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы: ерлік- елге өнеге, ұрпаққа аманат» атты колледжішілік тағылымдық-практикалық конференция өтті.
Мақсаты: оқытушылар мен студенттер арасында Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін артыру және халықтар ерлігін мәңгі есте сақтау. Жастарды елін, жерін құрметтейтін саналы азамат етіп тәрбиелеу, ерлік істерге тағзым етуге, ерлік пен батылдыққа, ата-баба рухына тағзым ету, патриоттық сезім қалыптастыру. Конференцияға колледж студенттер мен оқытушылары баяндамалар дайындады. Оқытушылар Т.У.Маденова, Ф.Ж.Ихсангалиева «Неисчерпаемая искра человеческой души», «Подвиг этот, будет в памяти жить» атты баяндамаларында өз әкелерінің соғыс және бейбіт кездеріндегі еңбегі туралы тағылымды әңгіме жүргізді. Дене тәрбиесі оқытушысы А.А.Мутиев өзі оқыған мектебінің мұражайындағы жәдігерлердің бірі жерлесі ұлы отан соғысы ардагері туралы жинаған ақпараттарымен бөлісті. Студенттер Н.Әнжан, А.Мардашева, Ж.Таскали сұрапыл соғыстың елімізге, әр отбасына тигізген зияны, Ленинград қорғаны туралы тың ақпараттармен бөлісіп, презентация дайындады. Н.А.Утегенова мен 1 курс студенттері «Соғыс басталуы» атты көрініс дайындады, Н.Әнжан ардагерлерге арнауын оқыды.